Басты бет » Әлеумет » Мүгедектігі бар жандарды жұмыспен қамту

Мүгедектігі бар жандарды жұмыспен қамту

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік деңгейде ерекше көңіл бөлінуде. Соның ішінде оларды жұмыспен қамтудың маңызы зор.

Жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында кәсіптік білім алып, тұрақты жұмысқа орналасқан, өз ісін ашуға қайтарымсыз грант алып, ісін бастағандар бар.

Былтыр Ақтөбе қаласы бойынша мүгедектер есебінде тұрған 272 жұмыссыз адам жұмыспен қамту шараларына қатысты. Оның ішінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға — 6, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға — 4, «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқуға 19 адам жіберілді. Сондай-ақ 17 адам мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ие болса,  1 адам шағын несие алған. Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны — 147.

Жыл сайын мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарына қаражат қарастырылады. Мәселен биылғы 5 айда 96 жұмыссыз жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Оның 42-сі тұрақты жұмысқа тұрған.

Жұмыссыз және өзін өзі қамтыған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбекке қабілетті екендігі белгілі болса, бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмыс беруші тарапқа жолдама беріледі.

А.БОЛАТБЕК.