Білім

Мектеп бітіру кеші: 299 мектеп. 8087 түлек

16-17 маусымда облыстағы 299 білім шаңырағында түлектердің мектеп бітіру кеші өтті. Салтанатты түрде ұйымдастырылған жиынның тақырыбы —  «Түлек 2022 — жаңа  Қазақстанның ертеңі».

16 маусым күні Новый орта мектеп-лицейінде өткен шараға  облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова қатысып, түлектерге сәт сапар тілеп, аттестаттарын табыс етті. Аталған білім ордасын 45 түлек бітірді. Олардың 3-еуі — «Алтын белгі», 1-еуі «Үздік аттестат» иегері атанды.

Бұл күні мектеп бітіру кеші өңірдегі 162 мектепте ұйымдастырылды. Облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында өткен жиынға қатысып, мектеп бітіруші түлектерге ақ тілегін жеткізді. Бұл білім шаңырағын бітірген  71 түлектің 15-і — «Алтын белгі», 14-і — «Үздік аттестат» иегері. Сондай-ақ түлектердің арасында «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегерлері, республикалық, облыстық интеллектуалдық байқау, пәндік олимпиада, шығармашылық байқау жүлдегерлері және спорттық жарыстардың жеңімпаздары да бар.
Айта кету керек, биыл өңір мектептерін 8087 оқушы бітірді. Олардың 614-і «Алтын белгі» аттестатына үміткер болған-ды. Мемлекеттік емтихан қорытындысында 596 (97 пайыз) оқушы өз білімін дәлелдеді.

Түлектердің 7 мыңнан астамы (88 пайыз) ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға өтініш беріп, тест тапсырып жатыр.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button