Жаңалықтар

Күн энергиясымен жүретін көліктер

Ақтөбеде Тұңғыш Президент атындағы Орталық саябақта күн көзінен қуат алатын көліктердің көрмесі өтті.
Ерекше көліктердің авторы — танымал өнертапқыш Никита Поддубнов. Ол күн көзінен қуат алатын автокөліктерді өзі жасайды және биыл екінші жыл қатарынан Қазақстан қалаларын саяхаттап жүр. Орал қаласынан келген ол өз жұмысын ақтөбеліктерге де көрсетті.

Бүгінде Никита Поддубновтың YouTube арнасындағы бейнероликтері көп қаралым жинап жатыр. Ақтөбеліктер арасында да оның жанкүйерлері жетерлік.

Бұл күні қала тұрғындары блогермен кездесіп, оның жаңа көлік үлгісін тамашалады.

— Менің бұл көлігіме жазылушыларым «Кукуху» деп ат қойды. Үш дөңгелегі бар. Аккумуляторы күн энергиясынан қуат алады.  Бір күнде 140 шақырым жол жүре аламын, — дейді жанкүйерлеріне жаңа модельдің ерекшеліктерін таныстырған Никита.

Көрмеге Астрахань, Алматы, Ақтөбе қалаларының өнертапқыштары да қатысты. Жерлесіміз Владимир Сильевич болашақта мұндай көліктерге сұраныс артатынын айтады.

— Мұндай көлікті жүргізу ыңғайлы әрі кедергісіз жүреді. Жанар-жағармай керек емес. Экология үшін де оңтайлы. Көлікті құрастыруға екі ай уақыт жұмсадым. Бастысы қаражат керек. Өйткені күннен қуат алатын көліктердің құралдары қымбат, — дейді ол.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button