Жаңалықтар

Ауған соғысы ардагерін құттықтады

Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің ұйымдастыруымен «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қорының құрылтайшысы, ауған соғысының ардагері, іздестіру тобының жетекшісі Гумер Галеевтің  мерейлі 60 жасқа толуына орай «Поиск — благородное дело» атты құттықтау кеші өтті.

Іс-шараға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Орынбасар, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ботагөз Бисенова, этномәдени бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеш барысында ардагердің өмірі мен қызметі туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Сондай-ақ мерейтой иесінің туыстары, достары мен әріптестері құттықтауларын жеткізді. Облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті А.Дүйсенова, Ақтөбе қаласының интернационалист жауынгерлер бірлестігі өкілдері М.Қойлыбаев, Н.Зайнеденов, Ж.Бердіғалиевтер де жылы лебіздерін білдірді.

Гумер Галеев ұзақ жылдан бері қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысып келеді. Ресейдегі соғыс болған аймақтарда  қазба жұмыстарын жүргізіп, тың деректердің табылуына мұрындық болды. Іздестіру жұмыстары бойынша биыл да ауқымды жоспарлар жүзеге асырылмақ.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button