Мәдениет

Айымжан шақырады!

Үстіміздегі жылдың 18 сәуірінде Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда виолончельші Айымжан Гильманова ақтөбеліктерге жаңа концерттік бағдарламасын ұсынады.

Айымжан – облыстағы бірегей виолончельші. Ол бұған дейін де жерлестерін өнерімен тәнті етті. Айымжанның  кезекті шығармашылық концертінде көрермендерге жаңа туындылар  ұсынылады.

Бүгінде Айымжан Гильманова облыста бірінші рет виолончель мектебін ашып, шәкірт  тәрбиелеп жатыр. Оның оқытқан шәкірттері жақында Орынбор қаласында өткен ашық халықаралық байқауда лауреат, дипломант атанып қайтты. Өнермен бірге ұстаздық жолды қатар алып жүрген Айымжан бүгінде Мәскеудегі Гнесиндер  атындағы музыкалық академияның аспиранты.

Айымжанның айтуынша, ресейлік байқаулар күрделі әрі өте жоғары деңгейде өтеді. Сондықтан да Ресей қаласында өткен байқаулардан алынатын жүлде елімізде үлкен дәреже саналады.

Әуезді әуеннен қапы қалмаңыздар!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button