Басты бет » Ресми » Судағы тәртіп ережелерін естен шығармаңыз!

Судағы тәртіп ережелерін естен шығармаңыз!

Құрметті ата-аналар!

Балаңызды ешқашан су қоймасының жанында қараусыз қалдырмаңыз!

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылғы шомылу маусымы кезеңінде қаланың су айдындарында 15 оқиға тіркеліп, 11 адам суға кетіп қайтыс болған. Оның екеуі — бала.

Бұған ықпал ететін негізгі себеп пен фактор — жас балалар мен кәмелетке толмағандарды ересектердің қарауынсыз қалдыру. Ересектермен болған оқиғалардың барлығы дерлік рұқсат етілмеген жеке және көпшілік демалыс орындарында, соның ішінде шомылуға тыйым салатын белгілер қойылған жерлерде болды.

Әр ата-ана есте сақтауы керек қарапайым ережелер:

  • 5 сантиметрден асатын кез келген су толы ыдыстар мен үрмелі бассейндер қауіпті. Су құйылған үрлемелі бассейнді пайдаланыңыз. Ешқашан балаңызды қараусыз қалдырмаңыз!
  • Су қоймаларының жанында (көл, өзен, теңіз) демалыста балаларды қараусыз қалдырмаңыз, тіпті жағалауда да.
  • Балалармен демалу үшін тек жабдықталған жағажайлар мен демалыс орындарын таңдаңыз.
  • Балаңызға шомылуға рұқсат бермес бұрынсудың ағысын бақылап, температурасы мен тереңдігін қараңыз.

Осы ережелерді орындап, мұқият сақтауларыңызды сұраймыз!

Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасы.