Жаңалықтар

Адал ұрпақ — сенімді болашақ кепілі

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіру мақсатында «Адал ұрпақсенімді болашақ кепілі» атты семинар өткізілді.

Аталған семинарда Ақтөбе гарнизоны әскери полиция бөлімінің жеке құрамы Ақтөбе автожол колледжінің студенттеріне дәріс өткізді. Онда бүгінгі қоғамның өзекті де күрделі мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде айтылды.

Кездесу соңында кітапхана директорының орынбасары Т.Тілеулесов қорытынды сөз сөйлеп, қонақтарға алғысын білдірді.

Шырақ ШАБЫТ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button