Жаңалықтар

Алғысқа бөленген абзал жандар

19 маусым — Медицина қызметкерлері күні

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Ойыл аудандық Мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

Ақ халатты абзал жандарға арналған кеш шымылдығы дәрігерлердің жанкешті қызметі жөнінде түсірілген бейнероликпен ашылды. Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Асқар Қазыбаев дәрігерлерді төл мерекесімен құттықтап, Ойыл аудандық ауруханасының бас есепшісі Жанаргүл Есенғарина, Жекенді дәрігерлік амбулаториясының фельдшері Гүлсара Мусина, акушер-гинеколог Тұрсынхан Жайықбаева, психолог Айгүл Майлыбаева, Саралжын дәрігерлік амбулаториясының зертханашысы Гүлзада Өмірғалиева, окулист кабинетінің мейірбикесі Клара Бейісова сынды бір топ медицина қызметкерін Алғыс хатпен марапаттады.

Сонымен қатар аудандық аурухананың хирург дәрігерлері Бағдат Көптілеу мен Дәулет Салинге «Отбасы банкіндегі» депозитіне аудару үшін 50 мың теңгелік сертификаттар табыстады. Сондай-ақ медицина саласындағы қажырлы еңбегі үшін Ойыл аудандық ауруханасының невропатолог дәрігері Айбек Асылбеков пен жалпы тәжірибелік дәрігері Эра Базаровалар «Асыл дәрігер» медалі иеленді. Аудандық орталық аурухананың медицина қызметкері Фарида Есқалиеваға зейнеткерлік жасқа толуына байланысты естелік сыйлық табыс етілді.

Сондай-ақ шарада аудандағы бірқатар мекеме басшыларының атынан да Алғыс хаттар берілді.

Салтанатты жиын соңы мерекелік бағдарламаға ұласты. Аудан өнерпаздары мен аурухана ұжымының жастары өз өнерін көрсетіп, ән-күйден шашу шашты.

Г.АЛЕКСЕЕВА,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button