Денсаулық

Жастар нашақорлыққа қарсы

Семинар-тренинг

Дүйсенбі күні М.Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медицина колледжі ғимаратында есірткімен күрес туралы семинар-тренинг өтті. Халықаралық нашақорлықпен крес күні қарсаңында ұйымдастырылған «Жақсы әдеттер марафоны!» ұранымен өткізілген шараның мақсаты  — жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру, оның залалын түсіндіру.

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Ақтөбе қаласындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, жергілікті полиця бөлімі, т.б. құзырлы орган өкілдері болашақ медицина қызметкерлеріне алдымен доріс оқып, артынша олардың түрлі сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ бұл қылмыстық жауапкершілікке ұрындыратынын, яғни есірткіні қолдану, тарату, өсіру де заңбұзушылық екені айтылды.

— Жастар әлі де болса есірткі тұтынудың соңы қайда апарып соқтыратынын түсінбейді. Сол үшін оның кесапатын, денсаулыққа зиянын түсіндіргіміз келеді. Бірер сәттік рахат үшін өмірді құрдымға жіберуге болмайды, — дейді Ақтөбе қаласындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілі Гүлнар Сидашева.

Мамандар соңғы уақытта синтетикалық есірткінің кеңінен таралғанын, бұл алкен мәселе екенін атап өтті. Өз кезегінде полицей жыл өткен сайын нашақорларға қатысты заңның күшейтіліп жатқанын қосты.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button