Басты жаңалықтар

Ит-мысықтарды аулау жүргізіліп жатыр

Анық-қанық

Елімізде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң биыл  2 наурыздан бастап күшіне енгені белгілі. Онда иттерді ату көзделмеген. Облыстық мәслихаттың шешімімен 2022 жылға қаңғыбас ит-мысықты аулау мен жоюға облыстық бюджеттен 51 825 000 теңге қаржы қарастырылған.

Жаңа Заң күшіне енгенге дейін жыл басынан бастап Ақтөбе қаласы мен аудандарда  3792 қаңғыбас ит ауланып, жою жұмыстарына 9 840 936 теңге қаржы жұмсалған. Соның ішінде Ақтөбе қаласы бойынша 2294 ит ауланып, жойылды. Қазіргі таңда бұл мақсатқа 42 миллион 163 мың теңге бөлінген.  «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңның 15-бабы  4-тармағында егер адамға шабуыл жасап,өміріне немесе денсаулығына зиян келтірсе, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда ауланып, жойылады.

Заңның осы бабын басшылыққа алып, тұрғындар мен учаскелік полиция инспекторының шағымына сәйкес Ақтөбе қалалық ветеринарлық стансасы бүгінгі күнге дейін 754 ит  аулады. Бізге 102,109 телефон нөмірлері арқылы тұрғындардан хабарлама көп түсіп жатыр. Қазіргі уақытта қала бойынша ит аулаушы 3 жұмыс тобы құрылып,кезекшілік кесте жасақталды. Адамдарғашабуыл жасап, өміріне немесе денсаулығына зиян келтірсе, қатер төндіретін өзге де жағдайлардашағым түссе, ит аулаушы топтиісті шара алу үшін мекенжай бойынша барады,— дейді облыстық ветеринария басқармасының ветеринарлық есеп және ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру  бөлімінің басшысы Шаһидолла Рахимов.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңның нормативтік-құқықтық актілері 18-25 мамыр аралығында  бекітілген. Бірақ бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң  қолданысқа енеді.

 Самат НАРЕГЕЕВ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button