Жаңалықтар

Шешім шықты: шығын төленеді

Брифинг

Көктемгі су тасқынан зардап шеккен тұрғындарға материалдық көмектің қашан берілетіні белгілі болды. Бұл туралы Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров брифингте айтты.

Осыған дейін су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу бойынша жүргізілген комиссия жұмысы қорытындыланып, шешімі шықты.

Қала басшысының айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен 142 үй тіркелген. Оның 36-сы Алматы ауданында, 106-сы Астана ауданына қарасты. Алайда 22 үйдің құжаты жоқ болғандықтан көмек ала алмайды. Олардың бәрі бау-бақша ұжымында тұратындар. Ал қалған үйлерге 127 миллион теңгеден астам қаржы қаралып, үй иелерінің жеке есепшоттарына аударылады. Ақша көлемі бағалаушы компанияның анықтаған шығынына байланысты  әртүрлі. Шығындарды анықтау, бағалау жұмыстарымен «Жаңа Отау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысты. Анықталғандай, әр үйге төленетін көмек 100 мың теңгеден басталып, 3 миллион теңгеден асады. Бұл қаржы қалалық бюджеттен бөлінген.

Қалған құжаты жоқ 22 үйдің тұрғындары көмексіз қалмайды. Олармен кездесіп,  құжат жасау керектігін түсіндіріп, кеңестер берілді. Егер құжаты дайындалған болса, бағалаушы компания тағы шығын көлемін анықтау жұмыстарын жүргізеді. Сол кезде оларға демеушілік жолмен өтемақы төлеу ұйымдастырылады, — дейді А.Шахаров.

Қала басшысы бұдан басқа журналистер қойған қала тазалығы, жол, тағы басқа да өзекті сұрақтарға жауап берді.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button