Ресми

«E-SALYQ BUSINESS» мобильді қосымшасының сервистері

Мәлімет

Мобильді қосымшаның басты беті бірнеше бөлімнен тұрады:

– Жеке кәсіпкердің профилі;

– Чектерді беру модулі;

– Жеке кәсіпкердің кірістерін есепке алу;

– Жұмысшылар мен олардың табыстарын есепке алу.

«Қызметтер» бөлімінде жеке кәсіпкерді тіркеу, оның тіркеу деректерін өзгерту, салық салу режимдерін өзгерту сияқты басқа да қызмет түрлері бар.

«Көмек» бөлімінде қолдау қызметі орналасқан, сондай-ақ мұнда жиі қойылатын сұрақтар мен олардың жауаптары жарияланған.

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының блогына жүгіну мүмкіндігі бар. Сондай-ақ Басты бетте «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасына, Салық төлеушінің кабинетіне және Е-gov порталына сілтемелер орналастырылған.

Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін салық есептілігін ұсыну және салық төлеу мерзімдері туралы, алдағы салық оқиғалары туралы ескертулері бар Салық күнтізбесі орналасқан.

Пайдаланушы профилінде жеке кәсіпкер туралы өзекті деректер көрсетіледі. Бұл оның тіркеу деректері, мәртебесі (қолданыстағы, әрекетсіз, қызметін тоқтатқан), қызмет түрлері. Жеке кәсіпкер тіркелген Мемлекеттік кірістер органы, банк деректемелері (ЖК шот нөмірі), кәсіпкердің тәуекел дәрежесі көрсетілген.

Сондай-ақ профильде кәсіпкер өзінің әлеуметтік төлемдерін есептеу үшін мәлімдеген кірістер туралы мәліметті енгізеді.

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button