Басты жаңалықтарМереке

Мемлекеттік Рәміздер күні тойланды

Облыс орталығында Мемлекеттік Рәміздердің 30 жылдығы кең көлемде тойланды.

4 маусым — ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні белсенді қала тұрғындары мен қонақтары таңертең ертемен Тұңғыш Президент атындағы орталық мәдени және демалыс саябағындағы Ту тұғыр алаңына жиналды.

Салтанатты түрде өткен шара еліміздің Әнұранымен басталды. Жиын барысында облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңір жұртшылығын атаулы мерекемен құттықтады.

Сан ғасыр бойы бабаларымыз еркін ел болуды аңсады, азаттық жолындағы күресте олардың біразы құрбан болды. Бірде жеңдік, бірде жеңілдік. Жеңіске жетсек,ел бірлігінің арқасында,ынтымағымыздың арқасында болды. Жеңілсек, ауызбіршіліктің, ұйымшылдықтың жетіспеушілігінің салдарынан болғаны анық. Бұл — тарихи шындық. Одан біз сабақ алуға тиіспіз.
Осының
бәрін ескерсек,бiздiң санамызда «бiр тудың астына бiрiгу» ұғымы тектен текке қалыптасқан жоқ. Мемлекеттiк мерекелермен спорттық жеңiстер секiлдi Отанымыз үшiн маңызды сәттерде рәмiздеріміздің айбыны асқақтайды. Ресми халықаралық шараларда Әнұранымыз шырқалып, көк Туымыз көкке көтерiлгенде әр қазақстандықтың жүрегiн ерекше мақтаныш сезiмi кернейдi.
Біз
бірігіп, Мемлекет басшысы айқындаған Жаңа Қазақстанды жүзеге асыратын боламыз. Қазақта:  «Туы биік елдің—тұғыры биік» деген нақыл бар. Азат елдің символы саналатын рәміздерімізді әрқашанда құрметтеп, қастерлей білу—ұрпақтардың Отан алдындағы борышы,—деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Шара соңында спортшылар ҚР Мемлекеттік Туын ұстап парадқа шықты,олардан кейін көліктер жүріп өтті.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button