Мереке

Патриоттық әндер шырқалды

Шалқар аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

— Сахнаға алдымен ҚР Мемлекеттік рәміздері әкелініп, Мемлекеттік Әнұран орындалды. Әнші Бақытқали Жанықұловтың орындауында «Көктудың желбірегені» әні шырқалып, Рәміздерінің тарихын баяндайтын слайд көрсетілді.

Шалқарлықтарды құттықтаған аудан әкімі Жанболат Жидеханов Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен Тәуелсіздігінің айғағы екендігін айтты:

Тарихқа үңілсек,көшпенді халықтың салтында қиян-кескі шайқастардың өзінде тудың жығылмауынақ атты мән берген. Сондықтан ту ұстау мәртебесін батыр, өжет сарбаздарға сеніп тапсырған. Осы салтты ұстанған бабаларымыз жас буынға: «Туың жығылмасын» деп бата берген. Рәміздердің ел рухын көтерудегі маңызы зор, — деді аудан әкімі.

Салтанатты шарада Аманғали Ернар, Нұрғали Сидақов, Асыланбек Әлиев, Асылхан Дәрібаев, Аружан Аманғазы, Ақжол Алдияров сынды өнерпаздар «Қазақтай ел қайда?», «Нағыз қазақтың ұлымын» секілді  патриоттық әндерін шырқады.

Салтанатты сәтте Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем танитыны, өйткені, онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс беретіні айтылды.

Қорғанбек ИСАЕВ,

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button