Референдум

Шалқарлық жастар белсенді

Шалқар қаласындағы № 494 референдум учаскесіне 2086 дауыс беруші тіркелген. Түске дейін соның 600-ге жуығы дауыс беріп үлгерді.

AMANAT партиясы өкілі Айнұр Ильясованың айтуынша, учаскеге келіп дауыс берген жастардың қарасы көп.
– Жалпы, дауыс беру процесі жақсы және барлық талаптарға сай ұйымдастырылған. Құқық бұзушылық болған жоқ. Дауыс беруге келген азаматтарға барлық жағдай жасалды. Түске дейін жастар көп келді. Ел үшін тағдыршешті кезеңде тарихи мүмкіндікті пайдаланып, азаматтық парызын орындап жатыр, – деді Айнұр Ильясова.
Айта кету керек, Шалқар ауданына көшбасшы партия атынан 114 өкіл референдумның өту барысын бақылап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button