Референдум

Ақсақал үлгісі

Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов №48 орта мектептегі №559 учаскеге зайыбымен және 85 жастағы әкесімен бірге барып дауыс берді. 
Жерлестеріне үлгі көрсетіп, дауыс берген еңбек ардагері Шайхолла Нұғманов:
—  Халықтың ауызбіршілігі мемлекет үшін маңызды осындай атаулы күнде сыналады. Еліміздің ертеңіне бейжай қарай алмаймыз, ол бүгін әр тұрғынның жауапкершілігіне тікелей тәуелді. Біздің міндетіміз — Жаңа Қазақстан үшін дауыс беру, — дейді. Отағасы Амангелді Нұғмановтың айтуынша, референдум нәтижесі қазақстандықтардың жарқын болашақты қалыптастырудағы таңдауларын қалай жасағандықтарын көрсететін болады.
Осы учаскедегі бес байқаушының бірі, облыстық медиация орталығының хатшысы Мекенжан Қарағұлқызы:
— Учаске жұмысы таңғы сағат жетіде басталды. Ал біз байқаушылар өз міндетімізге таңғы сағат бестен бастап кірістік. Референдумнің өту барысын, азаматтардың құқығы бұзылмауын бақылап отырмыз.  Осы уақытқа дейін ешқандай бұзушылық байқалмады, бәрі қалыпты өтіп жатыр, — дейді.
Учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Асылбек Ілиясов бірінші дауыс сағат сегіздерде берілгенін айтты.
Сондай-ақ оның айтуынша, учаскедегі 2 жарым мың адам үшін жеті дауыс беру кабинасы жасақталған. Алғашқы үш сағатта 600-ден астам тұрғын азаматтық ұстанымдарын білдіріп, таңдауларын жасады.
Әли СҰЛТАНОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button