Референдум

Дауыс беріп, сыйлық алды

Қызылжар ауылындағы М. Мақатаев атындағы №73 жалпы білім беретін орта мектебінде 3 сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Есет батыр ауылының тұрғындары да осындағы 548 сайлау учаскесіне келіп, референдумға дауыс берді.

Әркімнің өз таңдауларын ашық әрі жариялы түрде жасауға мүмкіндік болды. Тұрғындар Жаңа Қазақстанның қалыптасуына ниетті екенін білдіріп, референдумдағы өзгерістерді қолдайтынын айтты. Есет батыр ауылының тұрғындары үшін арнайы автобус шығарылды. Қызылдардағы №548 сайлау учаскесінің төрайымы Ботагөз Жайтақованың айтуынша, түске дейін 1000-ға жуық адам дауыс берген. Дауыс беруге мүмкіндігі шектеулі жандар да келді. Зейнеткерлер де саяси науқанда белсенділік көрсетті. Мүгедектер мен үлкен кісілерге және референдумға қатысқан туған күн иелеріне сыйлықтар берілді.
Референдумға келген жастардың қарасы көп.
— Бұрын Президент сайлауына қатысып, алғаш рет дауыс берген болатынмын. Қазір жасым 23-те. Референдумға келіп, еліміздің көркею жолындағы қадамын қолдайтынымды білдірдім. Алдағы күндерден жақсы жаңалықтар күтетін боламыз. Бұл күн мен үшін естелік боп қалады. Өйткені біз армандаған «Жаңа Қазақстанның» іргесі осы сәттен басталмақ,— дейді Есет батыр ауылының тұрғыны Ботагөз Байманова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button