Референдум

РЕФЕРЕНДУМҒА «БАТЫС-2» АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева тұрғындарды жаңа Қазақстан құруда белсенді болуға шақырды.
Басқарма басшысы қаладағы № 541учаскеге келіп өз таңдауын жасады.
Батыс-2 ауданындағы № 541учаскеде 3 мыңға жуық дауыс беруші тіркелген. Учаске төрағасы Райхан Кенжалинаның айтуынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-ге дейін 700-ден астам тұрғын өз таңдауын жасаған.
— Дауыс беру таңертеңгі сағат 7.00-де басталды. Кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Тұрғындардың белсенділігі жоғары. 2923 дауыс берушінің 541-і бүгін алғаш рет өз таңдауын жасайды. Олар үшін арнайы сыйлықтарымыз да бар. Ал учаскеде тіркелген 10 адам денсаулық жағдайына байланысты дауысты үйден берді, — дейді Райхан Кенжалина.
Бүгін қазақстандықтар Ата Заңымыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесіне қатысты өз дауыстарын беріп жатыр. Ақтөбе облысы бойынша 517 референдум учаскесі жұмыс жасап тұр. Оның 162-сі қалада орналасқан.
Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button