Басты жаңалықтарРеферендум

Облыс әкімі дауыс берді

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласындағы №4 орта мектепте орналасқан №67 референдум учаскесіне отбасымен келіп, дауыс берді.
— Бүгін — тарихи күн. Халқымыз «Елу жылда ел жаңа» деп бекер айтпаған. Биыл Ата заңымызға өзгерістер енгізіліп жатыр. Саяси-экономикалық дамуымыз бір орында тұрмайды, қоғам талабы өзгереді. Мемлекет басшысы өзгерістерді өзінен бастап, Парламентке, халыққа өзінің толық билігін жүзеге асыруға толық
мүмкіндік беріп отыр. Бүгінгі шараға біз де отбасымызбен келіп, қатыстық. Дауыс беру учаскелеріне келген азаматтардың барлығына алғысымды білдіремін, — деді облыс әкімі.
Бұл референдум учаскесіне 2328 адам тіркелген. Таңғы 7.00-ден 10.30-ға дейін бұл жерге 400-ге жуық адам келіп, өз таңдауын жасаған.
87 жастағы қария Ханкерей Дүйсенбаевты учаскеге келіні алып келіпті. Денсаулығына қарамастан, ел азаматы ретінде өзінің таңдауын жасаған қария жаңа өзгерістерді қолдайтынын жеткізді.
— Бүгіннен бастап еліміз жаңа кезеңге аяқ басып жатыр. Сондықтан мемлекетімізде тек жақсылық, даму, өрлеу болсын деп тілейміз. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! Оң өзгерістер болып жатыр, бұл — жақсылықтың бастауы, сондықтан еліміз әлемге танылып, жастарымыз Отанға адал қызмет етсін! — деді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button