Референдум

93-тегі әже учаскеге келіп, таңдауын жасады

Көптен күткен 5 маусым да келіп жетті. Мен AMANAT партиясының өкілі болып дауыс беру сәтін Темір ауданы, Қалмаққырған ауылындағы № 366 учаскесінде бақылап отырмын.

Дауыс беру учаскесінің комиссия мүшелері барлығын ашық түсіндіріп, адамдардың өз таңдауын жасауы үшін барлық мүмкіндіктерді жасап жатыр.
Келушілер дені көп. Халықтың көңіл-күйлері көтеріңкі. 93 жастағы Салтанат Ермағанбетова аяқтай келіп дауыс берді. Сыртта патриоттық әндер шырқалып тұр. Бүгінгі күніміздің ертеңгі тарихқа айналатынына сенемін. Осындай жауапты кезеңде кішкене болса да саяси науқанға үлесімді қосу азаматтық борышым деп білемін.
Сондықтан референдумның әділ және ашық өтуін әлі де бақылайтын боламын.
Сейтқазы Атай, Қопа ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button