Референдум

Сазды ауылында Әсет пен Әсел есімді егіздер алғаш рет дауыс берді

Биыл 18 жасқа толған Әсел пен Әсет Қонқаевтар Ақтөбе қаласы Сазды ауылында орналасқан №90 референдум учаскесінде тіркелген. Ағайындылар ел болашағы үшін дауыс беруге ертемен келді.
— Бүгін ағам Әсет екеуміз бірінші рет дауыс беруге келіп тұрғандықтан болар, сәл қобалжып тұрмыз. Көңіл-күйіміз өте жақсы. Еліміздің болашағы үшін таңдау жасадық. Осы елдің азаматы болған соң мұндай шараға қатысу — басты міндетіміз, — дейді Әсел Қонқаева.
Биыл мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басқалы жатқан талапкерлер бұған дейін референдумға қатысты ақпараттармен танысқандарын айтты. Әсел болашақта — заңгер, ал Әсет экономист болам дейді.
Айта кетейік, бүгін облыс бойынша 517 референдум учаскесі жұмыс жасап тұр. Оның 162-сі қалада орналасқан.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button