Референдум

Ғасыр құрдастары таңдау жасады

[highlight][/highlight]

Ақтөбе қаласының Жарық ауылындағы Ақтөбе орта мектебінің ғимаратында орналасқан 103-учаскеде 2568 адам тіркелген. Ертеңгі сағат 10.30-ға дейін 750-ге жуық адам келіп, Ата Заңға енгізілетін өзгерістерге қатысты өз дауысын берді. Дауыс берушілер легі үзілмей, бірінен соң бірі келіп жатыр.
Учаскеде тіркелген сайлаушылардың 24-і үйінен дауыс береді. Олардың арасында 101 жастағы Алма Ержанова, 99 жа тағы Сәния Молдабатырова сынды қариялар бар.
Сондай-ақ, 18-ге жақында толған 25 жас ел тағдырына қатысты маңызды оқиғада бірінші рет дауыс береді. Қазіргі сәтте дауыс беру процесін түрлі ұйымдардан келген 5 бақылаушы қарап отыр.

А. Сарыбай.

Басқа жаңалықтар

Back to top button