Референдум

Қала әкімі Асхат Шахаров референдумда дауыс берді

Асхат Шахаров бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00 де қаладағы №52 референдум учаскесіне келіп таңдауын жасады.

— Қала бойынша 162 референдум учаскесі жұмыс жасап тұр. Барлығы талапқа сай жабдықталған. Тұрғындардың келіп дауыс беруіне ешқандай кедергі жоқ.
Референдум — еліміз үшін маңызды шара. Алдымызда үлкен оң өзгерістер күтіп тұр. Сондықтан бүгінгі шарада еліміздің әрбір азаматының даусы маңызды, — деді қала әкімі.
№52 референдум учаскесінде барлығы 2406 адам тіркелген. Оның 44-і бүгін ең алғаш рет өз таңдауын жасайды.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button