Экономика

Бюджет үш рет, тек қана кіріс жағына нақтыланды

Сессияда қаралған мәселе

Газетімізде («Ақтөбе», № 35-36) хабарлағанымыздай, 14 наурыз күні облыстық мәслихаттың кезекті жиырма жетінші сессиясы өтті. Осы жиында облыстық қаржы басқармасының бастығы Сағат Еңсегенұлы депуттаттар назарына 2010 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы туралы есеп ұсынған еді. Біз бүгін облыстық қаржы басқармасы бастығының есебін көпшілікке ұсынып отырмыз:

2010 жылғы облыстық  бюджет түсімдер  бойынша 95 млрд. 801 млн. 188,5 мың теңгені құрады, соның ішінде: салықтық және  салықтық емес түсімдер көлемі —        29 млрд. 835 млн. 677,2 мың теңге; республикалық бюджеттен алынған ресми трансферттер — 56 млрд. 178 млн. 482,8 мың теңге; төменгі  тұрған бюджеттерден түскен трансферттер — 3 млрд. 758 млн. 823,1 мың  теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу — 1 млрд. 984 млн. 416,8 мың теңге,  республикалық бюджеттен түскен қарыздар  — 1 млрд. 551 млн. 326,0 мың теңге және 2010 қаржы жылының басындағы бюджеттік қаржының қалдықтары 2 млрд. 492 млн. 462,7 мың теңге болды; ал шығындар 95 млрд. 303 млн. 892,0 мың теңгені құрады.

Бюджеттің орындалуы барысында облыс әкімдігі мәслихаттың қарауына бекітілген бюджетке кірістер түсімдерінің болжамын ұлғайту жағына түзетуге, атқарымдық топтар арасында қаржыны қайта бөлуге, жыл басындағы бос қалдықтарды пайдалануға, республикалық бюджеттен кредиттер мен трансферттердің түсуіне байланысты нақтылаулар енгізді.

Бюджетке өз уақытында өзгертулер енгізу және қаржыны атқарымдық топтар арасында қайта бөлудің нәтижесінде 2010 жылғы бюджетті  сапалы орындауға қол жетті.

Облыстық бюджет кірістер бойынша жыл бойына 3 рет  7 млрд. 748 млн. 876,8 мың теңгеге  көтеру жағына  нақтыланып, ол 89 млрд. 479 млн. 822,8 мың теңге болса, орындалғаны 89 млрд. 772 млн. 983,0 мың теңгені құрады немесе 293 млн. 160,2 мың теңгеге артық түсті. 2009 жылға арналған республикалық бюджеттің толық  пайдаланылмаған ресми трансферттері  —   107 млн.  954,3 мың  теңге — толығымен  қайтарылды.

2010 жылы бірінші кезекте бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы бойынша шығындарды толық және уақытылы қаржыландыру қамтамасыз етілді.

2010 жылғы бюджетте «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» бойынша жоспарланған  1 003,6 млн. теңгеден  1 003,5 млн. теңге  игерілді.

«Қорғаныс»  бойынша шығындар 83,7 млн.  теңгені құрап,  толықтай игерілді.

«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, қылмыстық-атқарушы қызмет» бойынша жоспарланған 3102,3 млн. теңгеден  3 101,9 млн.теңге игерілді.

«Білім» тармағы бойынша жоспарланған 14 296,8 млн. теңгеден 14 288,5 млн. теңге   немесе  99,9 пайыз игерілді.

2010 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар негізінен мемлекеттік  мекемелер  мен  кәсіпорындар  қызметкерлерінің   жалақысын  төлеуге, коммуналдық қызметтерге және іс-шаралар жоспарларында қаралған бірінші кезектегі шығындарға    бағытталды.

Облыс әкімдігінің  2010 жылғы 29 наурыздағы № 93 қаулысына  сәйкес «Ауылдың  гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» бағдарламасына түзетілген  жоспармен  521,3 млн. теңге, оның ішінде облыс аудандары бойынша  310,3  млн. теңге  және колледждер мен лицейлер бойынша 211,0 млн. теңге  бөлінді, осы бағдарлама бойынша 2010 жылдың 26 сәуірінен бастап 30 тамызға дейінгі аралықта мектептерде,  лицейлерде, колледждерде оқитын  45 мың оқушының қатысуымен облыс орталығын, басқа да елді мекендерді тазарту және  көгалдандыру бойынша марафон-эстафета  жүргізілді.

«Балапан»  бағдарламасына облыстық  бюджеттен  509,4  млн. теңге бөлініп,  99,9 пайыз игерілді. Осы бағдарламаны іске асыру аясында  облыстық  білім  басқармасы  және  Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдіктерімен бірлесіп облыс бойынша  балалар,  мектепке дейінгі мекемелердің желісін ұлғайту мақсатында жоспар әзірленді.  Нәтижесінде  2010 жылы 2470 орынға 85 мектепке дейінгі мекеме ашылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурызда қабылданған 274 нөмірлі  «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына  «Дағдарыстан — дамуға» атты Жолдауын іске асыру бойынша 2009 жылға ҚР Үкіметінің әрекеттерінің Жоспарын орындау  жөніндегі  іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысының негізінде «Жол картасы» жобасының аясында нысаналы  трансферттер  қаралды:

— аймақтық жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру аясында білім беру нысандарын күрделі, ағымды жөндеуге республикалық бюджеттен  жоспарланған 1 301,5 млн. теңгеден  1 298,5  млн. теңге  немесе  99,8 пайыз игерілді. Нәтижесінде, 31 білім  нысаны, соның ішінде 21 жалпы  білім  беретін  мектеп, 8 балалар  бақшасы және 2 облыстық ведомстваға  қарасты мекеме күрделі  жөндеуден өтті. 1 704 жұмыс орны құрылып, 1704 адам жұмысқа орналастырылды, олардың арасында 939 адам жұмыспен қамту органдарының жолдамасы бойынша  орналастырылды.

«Денсаулық сақтау» функционалдық тобы бойынша жоспарланған 18 394,3 млн. теңгеден 18 355, 1 млн. теңге немесе  99,8 пайыз игерілді.

Жалпы, денсаулық сақтау  бойынша  облыстық бюджеттің  орындалуы  барысында мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын төлеу, коммуналдық қызметтерді және іс-шаралар жоспарларында қаралған бірінші  кезектегі  шығындарды  толық  және  уақытылы  қаржыландыру  қамтамасыз етілді.

Мемлекет басшысының «Дағдарыстан — дамуға» атты Қазақстан халқына  Жолдауын іске асыру бойынша «Жол картасы» бағдарламасының аясында нысаналы  трансферттер  қаралды:

— аймақтық жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру аясында білім  беру нысандарын күрделі,  ағымды жөндеуге 292,1 млн. теңге қаралып, бұл қаржы толық көлемде игерілді.

Жұмыспен қамту органдарының жолдамалары  бойынша барлығы  334  жұмыс  орны    құрылды.

«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету»  тобы  бойынша жоспарланған  1903,7 млн. теңгеден 1 902,6 млн. теңге немесе 99,9 пайыз игерілді.

Мемлекет басшысының «Дағдарыстан — дамуға» атты Жолдауын іске асыру бойынша «Жол картасы» бағдарламасының аясында нысаналы трансферттер  қаралды:

— аймақтық жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру аясында білім  беру  нысандарына күрделі,  ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 60,7 млн. теңге қаралып, бұл қаржы 100 пайыз игерілді.

Барлығы 32 жұмыс орны, оның ішінде жұмыспен қамту органдарының  жолдамалары  бойынша  19 жұмыс  орны  құрылды.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» бағыты бойынша жоспарланған 11 123,0 млн. теңгеден 11 115,2 млн. теңге, яғни жоспарланған қаржының 99,9 пайызы игерілді.

Білім, денсаулық  сақтау, мәдениет  және  спорт, газдандыру, сумен жабдықтау, тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы, қоршаған  ортаны  қорғау нысандарының  құрылысына және қалпына келтіруге және өзге де шығындар үшін құрылыс  басқармасына 2010 жылы бөлінген 25 816,8 млн. теңге қаржының 25690,4  млн. теңгесі немесе 99,5 пайызы игерілді.

Газдандыру нысандарының  құрылысына,  сумен жабдықтау, жылу  желілерін  күрделі  жөндеуге және  өзге де шығындар үшін энергетика және коммуналдық  шаруашылығы  басқармасына 2010 жылы 6 267,5 млн. теңге қаржы  бөлініп, 6 226,0 млн. теңге  немесе  99,3 пайыз көлемде игерілді.

Аудандық және қалалық маңызы бар автомобиль  жолдарының құрылысына, қалпына келтіруге, күрделі және ағымды жөндеуге жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 2010 жылы  4 811,8 млн. теңге  қаржы бөлініп,  толықтай игерілді игерілді.

«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» бойынша жоспарланған 6 316,8 млн. теңгеден 6 316,3 млн. теңге игерілді.

Мәдениет   мекемелері  бойынша   жоспарланған  2 862,6 млн. теңгеден  2 862,5 млн. теңге  игерілді.

«Жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында облыстың мәдениет  нысандарын күрделі жөндеуге жылдық жоспар кезінде республикалық бюджеттің қаржылары  есебінен 130,7 млн. теңге  бөлініп, толық  игерілді. Нәтижесінде 14  мәдениет  нысаны    жөнделді.

Сондай-ақ «Жол картасы» жобасын іске асыру аясында 3 спорт нысанына күрделі, ағымдағы  жөндеу жұмыстарын жүргізуге  республикалық бюджет есебінен 170,0 млн. теңге  бөлініп,  толық игерілді.

«Облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы» бағдарламасы бойынша 14,5  млн. теңге бөлініп, толықтай игерілді.

«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары» бойынша  жоспарланған  6 532,5  млн. теңгеден   6460,8  млн. теңге  немесе  98,9 пайыз игерілді.

«Тұқым  шаруашылығын  қолдау»  бағдарламасы  бойынша  барлығы  82,3  млн. теңге   қаралып, толықтай  игерілді.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдауға» барлығы 186,9 млн. теңге  бөлініп, 186,9 млн. теңге  игерілді.

«Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының  шығымдылығы  мен сапасын   арттыруды  мемлекеттік  қолдауға» 10,8  млн. теңге  бөлініп,  толық  игерілді.

«Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін  қажетті жанар жағар май және басқа да тауар-материалдық құндылықтарының құнын арзандатуға» республикалық  бюджеттен 364, 4 млн. теңге  бөлініп,  толық  игерілді.

«Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасы бойынша  республикалық бюджеттен  406,6  млн. теңге   бөлініп,  толық  игерілді.

«Кезек күттірмейтін шығындарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен іс-шаралар жүргізу»  бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен  272,8  млн. теңге бөлініп,  толық  игерілді.

«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» бойынша жоспарланған 141,2 млн.теңге қаржы толық игерілді.

«Көлік және коммуникация» тобы бойынша жоспарланған 4 811,8 млн.теңгеден  4 811,7  млн. теңге игерілді.

«Басқалар» атқарымдық тобы бойынша түзетілген жоспардағы 641,9  млн.   теңгеден  627,9 млн.теңге   немесе  97,8 пайыз  игерілді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button