Жаңалықтар

Ерхат ЕСҚАЛИЕВ: Ақтөбе — ең ірі медициналық құрал-жабдықтарды өндірушілердің бірі

Кеше Ақтөбеде облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев жұмыс бабымен кездесті. 

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев, облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуандық Қасымов, «СК-Фармация» ЖШС-ның медициналық техникамен қамтамасыз ету басқармасының басшысы Николай Палинка қатысты.

Тараптар өңірдегі медициналық техника өндірісін дамыту мәселелерін ​ талқылады. «СК-Фармация» ЖШС Ақтөбе қаласында медициналық техниканы дамыту және осы бағыттағы әзірлемелерді қолдау кластерін құру бастамасын көтерді. Жиын барысында Ерхат Есқалиев Ақтөбе облысы қазірдің өзінде еліміздегі ең ірі медициналық техника өндірушілердің бірі екенін, өңір фармацевтикалық логистиканы одан әрі дамыту үшін де қолайлы орналасқанын атап өтті.

Облысқа жұмыс сапары аясында «СК-Фармация» ЖШС өкілдері «Ақтөбе рентген» зауытына және медициналық ұйымдарға барып, дәрілерді есепке алу жүйесімен танысады. Сондай-ақ  жоғары оқу орындарына барып, медициналық техника инженерлерін даярлау мәселелерін талқылайды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button