20 маусымнан бастап «Отбасы банк» арқылы жүргізілетін мемлекеттік «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдана бастайды.
Бұл бағдарламаға көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі бала
тәрбиелеп отырған және толық емес отбасылар (ажырасқан уақыты 3 жылдан кем болмауға тиіс) қатыса алады. Сонымен бірге олар осы санаттар бойынша мемлекеттік пәтер кезегіне тұрған болуы және «Отбасы банкінің» салымшылары болуы керек.
— Жолдама алу үшін әкімшілікке барудың қажеті жоқ, өтінімдер www.otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталы арқылы онлайн қабылданатын болады. Биыл да былтырғыдай, лимиттерді бөлу барысында басымдық мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға беріледі, — дейді «Отбасы банк» Ақтөбе филиалының өкілі Сәкен Сүлейманов.
Бағдарлама шарты бойынша баспаналы болу үшін бастапқы жарна пәтер құнының 10 пайызына тең болуы керек, несие жылдық 2 пайызбен беріледі.
М.ТАБЫН.