Жаңалықтар

Институт қонағы — балалар

Балалар жылында М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының идеологиялық және имидждік бөлімі Халықаралық балаларды қорғау күнін ерекше атап өтті.

Ұйымдастырушылар бұл күні институт қызметкерлерінің балаларын қонаққа шақырып, оларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Ата-аналар мен балалар аниматорлармен бірге қызықты ойындар ойнап, суретке түсті. Балаларға институтты таныстыру мақсатында ерекше ойын ұйымдастырылды: мұнда кішкентайлар мультфильм арқылы танитын «Саяхатшы Дараның» тапсырмаларын орындай отырып, институтпен танысты, түрлі сұрақтарға жауап берді.

Одан соң балдырғандар «Бақытты балалық шақ» тақырыбында асфальтқа сурет салды. Жас суретшілердің өнері бағаланып, сыйлықтар берілді.

Мерекелік шара соңында балапандарға балмұздақ үлестіріліп, тәттілер таратылды. Полицей формасындағы ата-аналарының жұмыс орнына келген балалардың жүзінде «Өскенде полицей боламын» деген мақтаныш сезімі байқалып тұрғандай болды.

Алуа ЖЕТЕСОВА,

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімшесінің инспекторы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button