Референдум

Аманғали БЕРДАЛИН: Ақтөбе облысында референдум бойынша түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілді

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Аманғали Бердалин, Ғалымжан Елеуов, Дания Еспаевамен кездесті.
Айта кету керек, Мәжіліс депутаттары өңірде тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесіп, алдағы ҚР Конституциясына түзету енгізу бойынша республикалық референдумның маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын.
— Облыстағы ірі кәсіпорындарға, өңірдегі шалғай елді мекендерге бардық. Ақтөбеліктер Президенттің саяси реформасын қолдайды. Бұған өңірдегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдай ықпал етіп отыр. Халық жүргізіліп жатқан жұмыстарды, тұрмыс деңгейінің жақсарып келе жатқанын көріп отыр. Президент тапсырмасы бойынша әзірленген Ақтөбе облысын дамыту жоспарын жүзеге асырудың арқасында бүгінде облыс халқының 98 пайызы газбен, 99 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылған. Өңірде республикалық және облыстық маңызы бар жолдар ғана жөнделіп жатқан жоқ, аудандық маңызға ие жолдарды жаңарып жатыр. Мысалы, Әйтеке би ауданында орталығы мен ауылдық округтерде 2,6 миллиард теңгеге жол жөнделуде. Хромтау ауданында да осы жағдай — аудан орталығы мен ауылдық округтердің жолдарын жөндеу үшін 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Халық осының бәрін көріп отыр.

Олар Мемлекет басшысының реформасын қолдайтындарын айтты, — деді Аманғали Бердалин.
Депутаттар облыс тұрғындарымен өткен ондаған кездесулердің нәтижесінде референдумды қолдауға байланысты жүргізілген түсіндіру жұмыстарына жоғары баға берді. Ол ақтөбеліктердің басым бөлігі Конституцияға қандай түзетулер енгізу ұсынылатынын білетінін, өзгерістердің маңыздылығын түсінетінін жеткізді.
Облыс әкімі депутаттарға өңірде жүргізген жұмыстары үшін алғыс білдірді.
— Аға буын, әрине, референдум туралы жақсы біледі. Түсіндіру жұмыстары барысында жастарға ерекше назар аударылды. Заңға сәйкес сайлаушылардың 50 пайыздан астамы қатысса, референдум өтті деп есептеледі. Облыс тұрғындарының басым бөлігі маңызды шараға қатысатынына сенімдімін, — деді Оңдасын Оразалин.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button