Референдум

Ардагерлер белсенділігі жоғары

Облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен жиында ҚР Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізуге байланысты өтетін референдум жайы әңгіме өзегіне айналды.
Жиынды ашқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов: «Әрбір ел азаматы өзінің референдумға қатысудағы орнын білуге тиіс. Елдің болашағы, кемелді келешек осы таңдауға байланысты деп ойлаймыз. Біздің ардагерлер ұйымы осы ауқымда жүйелі жұмыстар жүргізуде. Еңбек ардагерлері Баянғали Құлтаев, Ғалым Дәулеталин және басқалары еңбек ұжымдарында болып, түсінік жұмыстарын жүргізді. Жалпы 39 ардагерден тұратын мобильді тобымыз шалғайдағы ауылдарға дейін барып қайтты. Көпшілік өзгерістерді құптайды, сондықтан референдумның жоғары деңгейде өтетініне сенім мол», — деді.
— Атырауда референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өңіраралық отырысы өтті.

Сол жиынға қатысып келдім. Онда еліміздің әрбір тұрғынының дауысы екінші республиканың қандай идеялар мен құндылықтарға құрылатынына, қандай басымдықтарға ие болатынына, жаңа Қазақстанда қарапайым адамның қаншалықты жайлы өмір сүретініне ықпал ету мүмкіндігі, еліміз үшін маңызды мәселелерді ортақ шешу жайы айтылды.
Біздің облысымызда да осы бағытта жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Штаб мүшелері көптеген жерлерде болып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонда байқағанымыз — алыс ауылдардың өзінде бұл мәселеден толық хабардар, яғни тұрғындардың белсенділігі жоғары екені білінді. Облыстық ардагерлер ұйымы жүйелі жұмыстар жүргізгенін атап көрсеткім келеді, — деді кездесуде сөз алған референдум бойынша облыстық штабтың төрағасы Сұлтанбек Ташкенбай.
Жиында еңбек ардагерлері Қайырқожа Елеусізов, Марат Блимов, Құрания Аймағанбетов өз пікірлерін айтып, референдумға бір кісідей қатысатындықтарын білдірді.

Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button