Референдум

Бизнес өкілдері талқылады

Парламент Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева алдағы конституциялық реформаның мән-маңызын түсіндіру үшін бизнес өкілдерімен кездесті.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ғимаратында іскер әйелдер қауымдастығы мен кеңесі, дизайнерлер мен тігіншілер қауымдастығы, басқа да салалық бірлестіктердің мүшелері, жергілікті депутаттардың қатысуымен жиын өтті. Басты мақсат — алдағы референдумды талқылау.

Дания Еспаева ел Конституциясының 33 бабына енгізілетін өзгерістер мен түзетулерге кеңінен тоқталды:

— «Жер мен оның қойнауы халық меншігіне айналады. Референдумның арқасында осы өзгеріске қол жеткіземіз. Сондай-ақ Конституциялық Сот құрылатын болады. Оған азаматтар жолыға алады. Расында, адамның конституциялық құқықтарының бұзылғанын жиі көріп жүрген бүгінгідей уақыттабұның маңызы зор деп білемін, — деген ол жиналғандарды 5 маусым күні сайлау учаскелеріне барып, азаматтық ұстанымдарын көрсетуге шақырды.

Жиында қоғамдық кеңес мүшесі Тәттігүл Талаева, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының өкілі Жанымгүл Төлеуова, т.б. ой-пікірлерін ортаға салды.

«Кәсіпкерлердің мәселелері де біз үшін өте маңызды. Өйткені сапар барысында біз референдумның барысы туралы айтып қана қоймай, өңірдің мәселелерін дезерттейміз»,— деп түйіндеді жиынды Дания Еспаева.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button