Референдум

Жаңа өзгерістер бастауы

«Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-ның облыстық басқармасында 5 маусымға белгіленген республикалық референдумға орай кездесу өтті.

Аталған ұжыммен кездесуге Парламент Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева, белгілі ақын, «Үш таған» журналының бас редакторы Ертай Ашықбаев, «Халықаралық келіссөздер академиясы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Светлана Балпейісова қатысты.

Парламент Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың мақсаты, алдағы референдумға ұсынылған Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы айтты. Белгілі ақын Ертай Ашықбаев та көзделген өзгерістердің маңыздылығына тоқталды.

«Халықаралық келіссөздер академиясы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Светлана Балпейісова өзінің сөзінде теміржолдың еліміз үшін стратегиялық маңызын, теміржолшылардың ел экономикасына қосатын үлесі зор екенін атап өтті. Осыған байланысты ол теміржол мекемелеріндегі қызметтік дауларды бітімгершілік шешу мәселелерін түсіндірді, дауларды бітімгершілікпен шешу өркениеттіліктің белгісі екенін баса айтты.

Кездесуге келген қонақтар ұжым мүшелерін жаңа өзгерістердің бастауы болатын алдағы үлкен саяси оқиғаға жауапкершілікпен қарап, референдумда дауыс беруге шақырды.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button