Білім

Ақтөбелік оқушы — Азия олимпиадасының жеңімпазы

Сайыс

Ақтөбе қаласындағы Зияткерлік мектептің 11-сынып оқушысы Әлішер Еркебаев физика пәнінен Азия олимпиадасының қола жүлдегері атанды. 22-ші Азия олимпиадасының жарыстары Үндістанда өтті.  27 елден 200-ден астам оқушының қатысуымен қашықтан өткен додада ел намысын Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Павлодар және Атырау қалаларының сегіз оқушысы қорғады. Қазақстандық оқушылар барлығы бес медаль жеңіп алды.

Әлішер бұл олимпиадада қателесуге мүлде болмайтынын айтады:

— Азия олимпиадасы ең қиын олимпиада болып саналады. Физика пәнінен өткен биылғы Халықаралық олимпиаданың тапсырмалары қиын болды. Күміс медаль алуыма 0,6 ұпай жетпей қалды. Осы жарыста жіберіп алған қателіктерді келесідодаларда қайталамас үшін тынбай еңбектенетін боламын, — деді Ақтөбе қаласындағы НЗМ 11-сынып оқушысы Әлішер Еркебаев.

Физика пәнінен барлық олимпиадалардың жеңімпазы Әлішердің бұл жүлдесінің арқасында Ақтөбе қаласы НЗМ студенттері еліміздегі осындай мектептердің ішінде алғаш рет Азия олимпиадасының қола медаліне ие болды.Физика пәнінің мұғалімі Мират Оспанов шәкіртінің ізденімпаз, жігерлі екенін айтады.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы есепте үздік үш команда құрамына енді.2000 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Азиялық физика олимпиадасы —  Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің мектеп оқушылары қатысатын жыл сайынғы зияткерлік сайыс.

Әйгерім АМАНҒОСОВА,

Ақтөбе қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button