Жаңалықтар

Өзен аумағын тазалады

Экотур

 «Ақтөбе облысы кәрістер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі төрағасы Юрий Шектің жетекшілігімен бірлестік жастары экотур бағдарламасы аясында Қарғалы өзенінің аумағын тазалады.

Жастар өздерінің бұл игі ісінАқтөбе облысының 90 жылдығы мен қаламыздың туған күніне орайластырыпты.

Бірлестіктің белсенді жастары тазалық жұмыстарын жасап қана қоймай, таза ауада ойын ойнап, ән айтып, би билеп, түскі ас мезгілінде корей халқының ұлттық тағамы куксиден дәм татты.

Табиғат аясына шыққан топ дұрыс демалу мен қоршаған ортаға зиян тигізбеудің үлгісін өздерінен бастап, өзгеге үлгі етіп отыр. Олар отырған жерлерін шашпай, керісінше, жылан жалағандай етіп тазалап кетті.

Бекзат ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ,

Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығының баспасөз хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button