ПікірРеферендум

Референдум халық сенімін күшейтеді

Аманжол ҮМБЕТОВ, «Қазхром» ТҰК» АҚ штаб басшысы:
— Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасы ұсынылып отыр.  Конституциялық реформа — қоғамды демократияландырудың шынайы қадамы. Ата Заңымыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізілетіні белгілі.

Көкейіме қонғаны — жер қойнауындағы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі болатындығы. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асыра алады. Қазіргі қолданыстағы Ата Заңымызда мұның бәрі мемлекет меншігі ретінде қарастырылған. Осы толықтырудың нормативтік тұрғыда бекітілуін қалаймын.

Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс. Бұл тармақта (43-бап, 3-тармақ) қазіргі қолданыстағы заңнамада жоқ.

Бұл реформа саяси партияларды құруға қойылатын талаптарды да жеңілдетіп отыр. Партия мүшелерінің саны 5 мыңға дейін төмендетілді. Бұл — елімізде жаңа партиялардың құрылуына жол ашылады деген сөз.

Конституциялық реформа азаматтардың елді басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттыратынына сенемін. Сол себепті референдумға барамын, басқаларды да маңызды шараға қатысуға шақырамын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button