Құқық

Әділдік жолымен — заңбұзушылыққа қарсы

Асылбек БАЙМЕНОВ,

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Ақтөбе филиалының басшысы.

«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің негізгі міндеті — ҚР Президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыру, осы бағыттағы қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға көмек көрсету, тәртіп сақтау идеологиясын алға ұсыну, аталған ауқымдағы құқықбұзушылықтарды жасауға жол ашатын себептер мен алғышарттарды жоюға қатысты жұмыстар атқару.

Қазіргі уақытта барлық облыстарда біздің қоғамның филиалдары қызмет атқарады.

2021 жылдың қазан айынан бергі уақытта мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын түсіндіру бойынша облыстың 21 ұйымы қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды. Филиалда мемлекеттік органдардың, лауазым иелерінің, сот орындаушыларының қызметтеріне байланысты арыз-шағым жазған 33 азамат қабылдауда болды. Оларға өздерін мазалаған мәселелерге қатысты заңгерлік көмек көрсетілді.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берілетіні жасырын емес. Портал арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысты филиал мониторинг жүргізгенде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Біздің ұсынысымыз бойынша өкілетті орган тексеру жүргізіп, нәтижесінде 7 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 1623,4 мың теңге айыппұл салынды.

Бұдан басқа жанар-жағармайды бөлшек саудамен өткізуде бағаның белгіленген мөлшерінен ауытқу деректері анықталды. Осындай ретпен 4333,1 мың теңгенің келісімшарты бұзылып, 2 339,2 мың теңге мемлекет қаржысы қайтарылды.

ҚР белгіленген заңдылықтарымен тыйым салынғанына қарамастан, Ақтөбе қаласындағы спорт мектептерінің бірінің директорының орынбасары кәсіпкерлікпен шұғылданып, пайда тапқан. Оның заңсыз алған қаржысы бюджет кірісіне алынып, 428,8 мың теңге айып салынды.                                                                 

Басқа жаңалықтар

Back to top button