Референдум

Жаңа Қазақстан құру үшін демократиялық реформаларды қолдауға шақырамын!

Еліміз түбегейлі өзгерістердің алдында тұр. Оның негізгі қозғаушы күші —конституциялық реформалар болмақ. Мәні — еліміздегі демократияны нығайту, азаматтардың мемлекет ісіне араласу мүмкіндігін арттыру болып отыр. Мемлекет басшысы ұсынған кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін Конституцияға 33 өзгеріс пен толықтыру енгізуқажет.Бұл өте үл­кен жұмыс. Ата Заңға енгізілетіносы өзгерістерді құқықтық тұрғыда бекіту үшін Президент республикалық референдум өткізуді ұсынды.Бұл Мемлекет басшысының ерекше саяси маңызы бар маңызды шешімі.Конституцияны жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі халық екенін тағы бір дәлелдей түседі. Ол кеңесу, ойласу, ел тағдырына қатысты сұрақтарды бірге шешу үшін керек.

Осы жерде бұл саяси науқан несімен маңызды деген сұрақ туындайды. Біріншіден біз конституциялық өзгерістер аясында суперпрезиденттік басқару моделінен алшақтаймыз. Парламенттіңрөлі артып, мәртебесі көтеріліп, иек артамыз. Халықтың ел басқару ісіне араласуы кеңейіп, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктері күшейе түспек.  Бірқатар билік өкілеттіктері қайта бөлініп,  жергілікті өкілді органдардың ықпалын арттыру сияқты іргелі өзгерістерге жол ашылады. Мұның барлығы  біз­дің өмірімізге қатысты өзгерістер. Сондықтан референдумға үлкен саяси оқиға деп қарауымыз керек.

Конституцияға өзгерістер енгізу арқылы біз жаңа қоғам қалыптастырамыз. Ол үшін тек қана мемлекет шешеді, тек қана мемлекет біледі деген көзқарастан арылғанымыз жөн. Қоғамның өзі оянып, әрбір қазақстандық өзін осы елдің құрушысы, қалыптастырушысы ретінде сезінгені дұрыс. Егер референдумда дауыс берушілер өзгерістерді қолдаса, онда біз Президент айтқан жаңа Қазақстан құруға мүмкіндік аламыз. Бұл — еліміздің дамуы үшін маңызды қадам.

Жаңа Қазақстан —ел болашағының жалпы көрінісі. Бұлжерде қоғамдық құндылықтарды жаңарту және ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Бірақ бұл қаңтар оқиғаларынан кейін немесе Жолдаудан кейін біз автоматты түрде жаңа Қазақстанда өмір сүре бастадық дегенді білдірмейді. Президент Жаңа Қазақстан тұжырымдамасын алға тарта отырып, таяу болашақта ұлттық құрылыстың жаңа мақсатын айқындап берді.

Әрине, бұл бір сәтте немесе бір күнде атқарылатын іс емес. Қоғамды қайта құрудың терең және ұзақ процесі. Жаңа Қазақстан — қоғам мен ұлттың жаңаруы, ал екінші республика — мемлекеттік модельдің жаңаруы екенін түсініп, оны жүзеге асыруға әрбіріміз атсалысуымыз керек.

Біз осы кезге дейін штаб мүшелерімен бірге халықтың арасына шығып, елдің аманатын, айтарын да тыңдап жүрміз. Көзімнің жеткені — конституциялық өзгерістер халықтың қалауымен үндеседі. Мәселен, Ата Заңға енгізілетін түзетулер қатарында жерді, оның қойнауын, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарды халық меншігі деп жариялау қарастырылған.

Бәріміз өркендеген, заң үстемдік ететін, теңдік орнаған, ашық қоғамда өмір сүруді қалайтынымыз рас. Бірақ оны жүзеге асыру үшін іс-әрекет керек. Сондықтан ел тағдырын айқындайтын осынау маңызды кезеңде шет қалмай, тарихи таңдау жасаңыздар!Мақсатымыз ортақ, көздегенімыз бір — ол өзіміз қалаған — жаңа Қазақстан құру екенін ісімізбен дәлелдейік! Әділдік пен ашықтықты және демократиялық реформаларды қолдай отырып,жаңа Қазақстанды құруға атсалысыңыздар!

Ербол Данағұлов, Amanat партиясы қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы хатшысы,  облыстық штабтың төрағасы.

 Тапсырыс беруші: Amanat партиясы қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button