Референдум

Әр азаматтың пікірі маңызды

Ата Заңға өзгерістер енгізу үшін өткізілетін референдумға байланысты ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатымен Кәсіподақтар федерециясы жанынан республикалық штаб және облыстарда өңірлік штабтар құрылған болатын.

Ақтөбеде өңірлік штаб мүшелері облыстық кәсіподақтар орталығы ұжымымен, сонымен бірге ауыл шаруашылығы құрылымдарының жетекшілерімен кездесу өткізді. Жиынды облыстық кәсіподақтар орталығытөрағасының орынбасары Мұхтар Әкімов жүргізіп отырды.

— Референдум қазақ елінің әр азаматына ел тағдырына байланысты мәселелерді шешуге, қатысуға мүмкіндік береді. Конституцияға енгізуге көзделген өзгерістер мен толықтырулардың жобасы баспасөз арқылы жұртқа ұсынылды. Халық жобаны талқылап, өз ұсыныс-пікірлерін ашық айтуы керек. Біз осыныұйымдастыруды көздейміз, — деді ол.

Жиында сөз алған өңірлік штаб мүшелері ұсынылып отырған түзетулердің 5 бөлікке бөлінетінін айтып, олардыңКонституцияның қазіргі нұсқасынан айырмашылығына толығырақ тоқталды.

Сондай-ақ референдум төңірегіндегі кейбір пікірлерге қатысты ойларын және ұсынылып отырған жобаға байланысты өздерінің ұсыныстарын да жеткізді. Мысалы, Көшкінбай Ахметов Конституцияны өзгерту туралы мәселе көтеріп, референдум өткізуге әлі ерте деп санайтын азаматтармен келіспейтінін айтты. Ол:

—Елімізге саяси реформа керек, миллиондаған адамдардың тағдырын бір адам ғана шешетін «суперпрезидентті» жүйеден кетуіміз керек деп жиі айтамыз. Ендеше, ондай өзгерістердің уақытын кейінге шегеріп, сөзбұйдаға сала берудің қажеті жоқ. Сондықтан мен референдум өткізуді асығыстық деп санамаймын. Халық күткенөзгерістер осы референдумнан басталады, — деді.

Өңірлік штабтың тағы бір мүшесі Айшуақ Дәрменов:

— Қазіргі Конституциямыз 1995 жылы қабылданып, содан бері 5 рет өзгерту енгізілген. Бұл өзгертулер, негізінен, суперпрезиденттік жүйені нығайтуға бағытталды. Енді «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен президенттік республикаға көшу, Парламенттің рөлін күшейту және ел басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту үшін, Конституцияға жаңа өзгерістер мен толықтырулар қажет. Мысалы, демократиялық елдерде барлық адамның заң алдындағы құқығы мен жауапкершілігі бірдей, бірде-бір адам заңнан биік тұра алмайды. Біз де соғанқол жеткізуіміз керек, — деді.

Өңірлік штаб мүшелері жиынға қатысушыларды Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсынылып отырған заң жобасын талқылауға белсене қатысуға шақырды. Оларға өз пікірлерін облыстық кәсіподақтар жанындағы штабқа жеткізу ұсынылды. «Біз пікірлеріңізді одан әрі республикалық штабқа жеткіземіз. Ел тағдырына қатысты әрқайсыңыздың пікір білдіруіңіз маңызды», — десті сөйлеушілер.

Индира ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button