ПікірРеферендум

Саяси жаңғырудың негізі

Есбол МҰҚАНБЕТҚАЛИЕВ,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры,

 философия ғылымдарының кандидаты:

Жыл басында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде түбегейлі саяси модернизация болатынын атап өткен еді. 5 маусымда өтетін бүкілхалықтық референдум — соның алғышарты.

Қазіргі таңда референдум қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жан-жақты талқыланып жатыр. Сарапшылар, азаматтық белсенділер, қарапайым халық өз пікірін білдіруде. Конституциялық реформаға қатысты барлық ұсыныс кең қолдау тапты. Барлықбастама саяси жүйемізді түбегейлі өзгертуге бағытталған. Халық арасынан шыққан азаматтарды билікке қатыстыруды арттыру және саяси процестерді терең демократияландыру заман талабына сайтуындады.

Конституциялық реформа басқарудың суперпрезиденттік түрінен күшті Парламентпен есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға түпкілікті көшуге бағытталған, сондай-ақ биліктің өкілді тармағын айтарлықтай нығайтады, тежемелік және тепе-теңдік жүйесін сақтайды, мәслихаттардың рөлін арттырады.

Басты айтып өтетін нәрсе — Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлаудың мажоритарлы моделін енгізу, ешқандай саяси партия мен ұйымдарға мүше болмай-ақ жеке адамдардың сайланбалы органдарға келуіне  мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған өзгертулер мен толықтырулар еліміздің саяси өміріне жаңа леп беріп, бәсекелестікті арттырады. Саяси жаңғыру — Жаңа Қазақстан құрудың локомотиві болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button