ПікірРеферендум

Тарихи сәтке үлес қосайық!

Дана БЕКБАУОВА,

өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры, конституциялық реформаларды түсіндіру жөніндегі облыстық штаб мүшесі:

Конституциялық референдумның өтуіне аз уақыт қалды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай,белсенді қатысу—әр азаматтың борышы.

Өңіріміздің әр азаматы саяси жүйенің өзгеруіне дауыс бере отырып, өзі өмір сүріп жатқан қоғамның дамуына үлесін қосуы тиіс. Облыстық кәсіпкерлер палатасыда бұл маңызды оқиғадан тыс қалған жоқ. Кәсіпкерлер арасында ұсынылған өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған науқанға палатаның өңірлік кеңесінің мүшелері де белсенді қатысуда.

Бұның бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды саяси оқиға екенін ұмытпауымыз керек. Конституцияның 33 бабына, яғни үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізілмек. Өзекті мәселелер — жер қойнауы, оның қазыналары халықтың меншігі деген концептуалды тың тұжырым жасалып отыр. Басқа да маңызды саяси мәселелер бар. Президент өкілеттіктерінің біраз бөлігін Парламентке беріп, Парламенттің өкілеттігін кеңейту де өзгерістер қатарында бар.

Референдумға қатысып, қоғам дамуына үлес қосу еліміздің жарқын болашағына қадам жасайтын маңызды күн екенін естен шығармайық. Біз қандай Конституция қабылдасақ, еліміз де соған сай дамиды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button