Жаңалықтар

Шалқарда балалар форумы өтті

Форум

Шалқар ауданында «Жаңа Қазақстан: Жас ұрпақ. Жарқын келбет. Жаңа қадам» атты облыстық балалар форумы өтті. Облыс әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның қолдауымен өткен форум Балалар жылына арналды.

Оған облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Жолдас Нұршин, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Дина Жаманбаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Бисенғалиева, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Елеусіз Нұрғалиев қатысып, барлық аудандардан дарынды, үздік оқушылар келді.

Балалар Мәдениет үйінің фойесінде «Шалқарым — бақыт пен шаттықтың мекені»
атты аудандық көркемсурет лицейі оқушыларының шығармашылық туындылары қамтылған көрме жасақталды.

Ашылу салтанатында аудан әкімі Жанболат Жидеханов сөз сөйлеп, форумға
қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ата-ананың ең үлкен бақытыбаласының жақсы азамат болып өсуі.

Мемлекет пен қоғамның да басты мақсатыелге ие болатын білімді де отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі жас ұрпақертеңгі ел иесі. Сондықтан сіздер сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін белсенділік танытып, мемлекетіміздің одан әрі гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуларыңыз керек. Сендердің оқуда озат болып, еңсесі биік ел азаматтары атануларыңа тілектеспін, — деді аудан басшысы.

Шарада №5 мектеп-лицейінің оқушысы Н.Хамит құрылғанына 90 жыл болған
Шалқар ауданының тарихымен таныстырды.

Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты. «Асан мен Үсен» сахналық
қойылымы ұсынылып, өнерпаз балалар әннен шашу шашып, би билеп, шараның
көрігін қыздырды.

Бұдан кейін делегация мүшелері аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі
экспозициялық залдарды аралап, өлке тарихымен танысты. Сонымен қатар Есет-
Дәрібай кесенесіне барып, зиярат етті.

Форумға қатысушылар түс ауа қаламыздағы денешынықтыру-сауықтыру кешені
алдында ұлттық спорт түрлерінен өтіп жатқан жарыстарды тамашалады.

Қорытынды кезеңінде аудан әкімінің орынбасары Амангелді Қонақбаев осы
шарада белсенділік көрсеткен бірқатар оқушыны аудан әкімі Жанболат

Жидехановтың атынан Алғыс хаттармен марапаттады.

Құммен сурет салып көңілді спорттық ойындарға қатысқан жас өрендер бұл облыстық шарадан үлкен әсер алдьі. Кешке орталық саябақта түнгі отшашу ұйымдастырылды.

 

Мейірлан ДӘНЕКЕРОВ,

Шалқар қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button