Жаңалықтар

Редакцияға оқушылар келді

Ақтөбе қаласындағы №6 орта мектептің жоғары сынып оқушыларыредакциямызға экскурсияға келді.

Балалар әуелі «Ақтөбе Медиа»ЖШСбаспасөз клубында болып, облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің тарихымен танысты. Әр жылдары баспа ісінде пайдаланылған техникаларды, журналистер тұтынған телефон, факс және жазу құрылғыларын тамашалады. Оқушылар өңір шежіресінің жылнамасы болған ескі газеттің тігінділерін де парақтап көрді.

Музейді аралаған балалар баспасөз клубында ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Үш таған» журналының бас редакторы Ертай Ашықбаевпен кездесті. Кездесу барысында ақын балаларға:

— Менің бала кезімде теледидардың да шықпаған кезі болатын. Сосын да болар, газет-журналды серік етіп, кітаппен дос болдық. Ол кезде қазіргідей көп үйірме де жоқ еді. Болғанда спорт түрінің бірінің соңына түсер ме едім, бәлкім, кім білген?..Дегенмен көп бала секілді мен де доп ойнағанды ұнататынмын, бүгінде футбол ойындарын жібермей қараймын, — деді.Балаларға достық, әдебиет туралы әңгімелеген Ертай Ашықбаев таным көкжиегін кеңейтіп, ұшқыр ойлау үшін көркем әдебиетті көбірек оқуға кеңес берді.

Әдебиетке жақын оқушылар ақынға сұрақтар қойып, естелік суретке түсті.

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Жүсіпосындай кездесулердің оқушыларға берері мол екенін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button