ПікірРеферендум

Ең маңызды мәселелерді халық болып шешу — міндет

Нәзира ТАБЫЛДИНОВА,

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ облыстық филиалының төрайымы:

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойылды. Биылғы 5 маусым референдумды өткізу мерзімі болып белгіленді.

Бұл референдум — еліміз үшін маңызды қадам. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасымен таныстық. Мұнда бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу, Парламенттің рөлін күшейту көзделген. Азаматтардың құқықтарын қорғайтын жаңа орган — Конституциялық сот құрылып, ол сот жүйесінің ең жоғарғы сатысына айналады. Жоғары аудиторлық палатаның құрылуы да маңызды деп ойлаймын. Ең бастысы, біз кәсіподақ өкілдері ретінде қарапайым тұрғындардың еңбек құқығының жақсарып, олардың еңбектегі мүдделерінің жоғары деңгейде қорғалуына мейлінше қолдау жасаймыз.

Алда күтіп тұрған үлкен өзгерістерге, осы маңызды шешімдерді қабылдауға бүкіл  қоғам қатысып, өз қалауын білдіруі керек. Осыншалық ауқымды реформаларды заңмен бекіту үшін, референдум қажет. Себебі бұл тек Президент немесе Парламент шешетін мәселе емес, бұл — бүкілхалықтық деңгейдегі міндет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button