Референдум

Ауқымды өзгерістердің алғышарты

Сейсенбі күні Ақтөбе қалалық Оқушылар сарайында республикалық референдумды қолдайтын қоғамдық штаб мүшелері балабақшалар басшыларымен кездесті.

Мақсат — ел Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу үшін өткізілетін республикалық референдумның мән-маңызын түсіндіру.

— Осы жылдың 5 маусымында өтетін республикалық референдум туралы кеңінен хабардар ету үшін жер-жерде кездесулер өткізіп жүрміз. Ондағы мақсат — халыққа аталған саяси науқанның маңыздылығын жеткізу. Қазақстан Конституциясының 33 бабына өзгерістер енгізіледі. Бұның ел дамуына айрықша әсер ететіні сөзсіз. Осы орайда сіздер, балабақша басшылары, мұны ата-аналарға, қызметкерлеріңізге жан-жақты түсіндірулеріңіз қажет, — деді облыс әкімінің кеңесшісі Сәния Қалдығұлова.

Ал Аmanat партиясы Ақтөбе қалалық филиалының атқарушы хатшысы Әсел Сарманова республикалық референдумды қолдау мақсатында 600-ге жуық іс-шараның жоспарланғанын, бүгінгі кездесу соның бірі екенін атап өтті.

Отырыста балабақша басшылары да сөз алып, өзара пікір алмасты.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button