Референдум

Бұл — мәні зор бастама

Раушан СЕРІКОВА,

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы:

— 5 маусымда елімізде Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді. Мен бұл бастаманы қолдаймын.

Референдум — мемлекеттік реформаларды жүзеге асыру үшін қолға алынған маңызды іс-шара. Конституцияға түзетулер тек биліктің шешімімен ғана емес, халықтың үн қатуымен, өз қалауын білдіруімен енгізіліп, саяси үдерістерді демократияландыруға қадам жасалмақ. Жаңа Қазақ­­станды құрудың алғашқы қада­мы осы референдумнан бас­талады. Меніңше, референдум өткізу туралы бастама көтеру арқылы Мемлекет басшысы әрбір қазақстандықтың пікірі құнды екенін білдіріп отыр.

Әділдік, құқықтық теңдікті ұран еткен кәсіподақ ұйымдары үшін бұл бастаманың мәні зор. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымын бекітіп, құқығын қорғайды деп сенемін.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button