Жаңалықтар

Ulttyq Onim көрмесіне ақтөбелік 15 компания қатысады

Отандық тауар өндірушілердің жыл сайынғы Ulttyq Onim көрмесі биыл алтыншы рет өткізіледі. Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бұл ірі жобаны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұйымдастырады. 

Биыл бұл көрмеге еліміздің түкпір-түкпірінен Қазақстанның 350-ден астам тауар өндірушілері қатысады. Олар — азық-түлік, құрылыс, жиһаз және тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, арнайы техника мен жабдықтарды, кәдесыйлар мен полиграфиялық өнімдерді өндірушілер.

Ақтөбе облысынан бұл іс-шараға 15 компания қатысады. Олардың қатарында «Айс-Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Бесаспап» қыз жасауы тігін цехы, «Гүлназ Әлкенова» жеке кәсіпкерлігі секілді компаниялар бар.  

Көрмеде «Халық Таңдауы» тәуелсіз дегустаторлар конкурсы, қазақстандық өндірушілердің әйелдер мен ерлерге арналған киім топтамалары және көрмеге қатысатын отандық өндірушілер ұсынған сыйлықтар ойнатылатын лотерея өтеді. Сонымен бірге осы көрме аясыда өткізілетін ресми жиындарда елімізде кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдаудың негізгі тетіктері туралы айтылатын болады, — дейді «Даму» қорының Ақтөбе облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Айнагүл Байдәулетова.

Көрме аясында отандық өнім өндірушілер шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасып, В2В кездесулерге қатыса алады.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button