Ауыл

Белқопада өткен бәйге

Өнеге

Жақында Әйтеке би ауданы Белқопа ауылында Наурыз мейрамы тойланды. «Наурыз келді мереке, әкелсін елге береке» атты іс-шараны ауылдың 1985-1986 жылғы туған жігіттері ұйымдастырды.

Ауылдағы «Құлтас баба» мешіті жанынан 5 ағаш үй тігіліп, мерекелік сахна құрылды. Наурыз тойына Әйтеке би ауданы әкімі Дархан Ермағанбетов арнайы қатысып, мерекеге жиналғандарды құттықтады.

Көршілес Хромтау ауданының мәдениет бөлімінің басшысы Арман Жиенәлиев бастаған бір топ өнерпаз мерекенің көркін қыздырды. Спорттық жарыстар өтті.

Тай жарыста Аманбай Оразымбетовтің тайы бірінші келсе, құнан жарыстың бәйгесін Алға ауданынан келгендер алды. Ал 20 шақырымға созылған аламан бәйгеде бөгетсайлық Еркінғали Сәрсенбаевтың жүйрігі мәрені бірінші боп кесті. Бас бәйгеге ұйымдастырушылардың атынан 150 мың теңге тігілді.

Наурыз мерекесінде қол күресі, гір көтеру, қошқар көтеру, қазақша күрес, арқан тартыс секілді спорттық жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, мерекеге алыс-жақыннан келгендердің көңіл күйі көтеріңкі болды.

Ерболсын КӨБЕКОВ,

Белқопа ауылының түлегі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button