Денсаулық

Үш ақтөбелік үй карантинінде отыр

Брифинг

Облыста коронавирус инфекциясы бойынша ахуал тұрақты, осы айда аталған кеселге шалдыққан 1 адам тіркелген. «Бірақ арқаны кеңге салуға болмайды, қауіп әлі сейілген жоқ», — дейді мамандар.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова биылғы қаңтар айында 7462 жағдай, ақпан айында 1454 жағдай, наурыз айында 27 жағдай, сәуір айында 4жағдай, ал осы мамыр айында 1 жағдайдың тіркелгенін айтты.

Қазіргі уақытта облыс бойынша3 адам үй карантиніне алынды, — деген ол көршілес Ресейде коронавирустың қайта өршігенін айтып, барынша сақ болуға шақырды.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров қазіргі таңда423528 ​​адам КВИ-ға қарсы вакцинаның 1-ші компонентімен, 411296адам 2-ші компонентімен егілгенін, 165631адам ревакцинацияланғанын атап өтті. Сондай-ақ вакцинация коронавирус инфекциясының алдыналудың ең тиімді әдісі екенін еске салды.

Жалпы жыл басталғалы 47 мобильді-мониторингтік топпен полиция органдарынан түскен материалдар бойынша1 миллион теңгеге 22 әкімшілік айыппұл салынған.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button