Жаңалықтар

Футболдан мерекелік турнир

15 мамыр — Отбасы күні

Ақтөбе қаласындағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Халықаралық отбасы күніне орай футболдан ата-аналар арасында турнир өтті.

Спорттық шараның басты мақсаты — ата-аналар мен мектеп ұжымының қарым- қатынасын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Турнирге мектептегі футбол, грэпплинг, бокс секцияларына қатысатын оқушылардың ата-аналары мен мектеп мұғалімдері қатысты.

— Салауатты өмір салты — дені сау ұрпақ тәрбиелеудің басты бағыты, бұл ретте ата-аналар балаларға үлгі болуы қажет. Тек осындай жарыстарда ғана емес, күнделікті өмірде де спортты серік ете білсек, дені сау, салауатты ұрпақ тәрбиелейміз, — дейді мектептің кәсіподақ ұжымының төрағасы Раис Ғалиасқаров.

Турнир қорытындысы бойынша әкелер арасында бокс секциясына қатысатын балалардың ата-аналары жеңімпаз атанды. Ал аналар арасында грэпплинг секциясына қатысушы оқушылардың ата-аналары 1-орынды иеленді.

Жүлдегерлер Ақтөбе қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің кубогі мен мадақтау қағаздарымен марапатталды.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button