Жаңалықтар

Мектепке Қонаевтың есімі беріледі

Ақтөбе қаласындағы №60 мектепте Дінмұхаммед Қонаевтың өмірі мен еңбегіне арналған «Ұрпағы ұлықтаған ұлы тұлға» атты рухани-танымдық кеш өтті.

Шараға ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Ертай Ашықбаев, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Роман Рахиев, қамқоршылық кеңес төрағасы Боранбай Әлиұлы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директорының кеңесшісі, ғалым хатшысы Арман Ержанов қатысып, тарихи естеліктермен бөлісті.

Кеш барысында мектеп оқушылары «Халықтан үлкен емессің» тақырыбында қойылым қойып, патриоттық әндерден шашу шашты.

Айтпақшы, енді №60 мектеп Дінмұхаммед Қонаевтың есімімен аталатын болады. Бұған дейін мектеп директоры Абзал Тәжімішевтің бастамасымен білім ордасының ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа мектепке Қонаевтың есімін беру туралы ұсыныс жолдаған болатын. Хатқа жауап келіпті. Онда мектепке Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың есімін беру туралы сұранысы толық қолдау тапқаны көрсетілген.

Ә.ЕЛЕУСІЗ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button