Жаңалықтар

Жобаны талқылау басталады

Референдум

Кеше еліміз бойынша Қазақстанның Азаматтық альянсының орталық кеңсесі мен 17 өңірдің өкілдіктерінде Референдумды қоғамдық қолдау штабының мүшелері Орталық штабпен бейнебайланысқа шығып, өзара пікір алмасты.

Азаматтық Альянстың өңірлік өкілдігінде Ақтөбедегі қоғам белсенділері жиналды. Бейнебайланыс арқылы референдумға дайындық туралы айтқан ақпараттар мен пкірлерді тыңдады.

Қоғам белсенділерінен құралған референдумды қоғамдық қолдаудың облыстық штабының төрағасы Сұлтанбек Ташкенбай:

— Енді жобаныталқылау басталады. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасымен таныстық. Олардың бірі — Конституцияға «Жердің және табиғи ресурстардың иесі — халық» дегенді біржола бекіту. Ата Заңымызда жер, оның астындағы, үстіндегі қазба байлық халықтікі деген өзгерту енгізіледі. Біз оны 100 пайыз қолдаймыз. Бірақ соңғы жағында оны халықтың атынан оператор есебінде Үкімет басқаратындығы жазылған. Осы мәселені барынша талқылауымыз керек, — деді. Сондай-ақ ол жобаға тілге қатысты өзгертудің, яғни 7-баптың 2-тармағын Конституциямыздан алып тастау жөніндегі ұсыныстың енгізілмегенін айтты.Қоғам белсенділері осы өзгертуді жобаға қостыруға ниетті.

Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті, Қазақстанның Азаматтық альянс бірлестігінің мүшесі Айгүл Дүйсенова:

— Конституцияның үштен бір бір бөлігі қайта жазылады.33 бапқа өзгертулер енгізіледі. Қазір референдум өткізуге дайындық жүріп жатыр. Ел болашағына бәріміз де алаңдаймыз, сондықтанақтөбеліктерді 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырамын, — дейді.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button